Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қыркүйек, 2020

Павлодар облысында құс тұмауы таралған ауылдар карантинге жабылады

Павлодар облысында құс тұмауы тіркелген бірнеше ауыл карантинге жабылады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz   24kz-ке сілтеме жасап. 

Тереңкөл және Железинка аудандарында үй құстары жаппай қырылып жатыр. Бүгінгі күні 2 мыңнан аса үйрек, қаз, тауық және күркетауық өлген.

Ұлттық ветеринариялық орталық сараптамасының қорытындысы бойынша қанаттылардың құс тұмауына шалдыққаны белгілі болды. Жұқпалы індет Тереңкөл ауданының Трофимовка елді мекенінде 158 құстан табылды.

Осы орайда аудандық ветеринариялық инспекциясының ұсынысымен Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі шектеу қою туралы құжат жобасын әзірлеп, Әділет басқармасына жолдады. Қаулыға сәйкес ауылдан шығатын көліктердің бәрі дезинфекциялық бекеттерден өтеді. Халық арасында түсіндіру жұмыстары қолға алынды.


138 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматыда қала күні аясында Almaty Film Days іскерлік алаңы өтеді
Келесі мақала Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшыны қабылдады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *