Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Қыркүйек, 2020

Елена Рыбакина Страсбург турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Елена Рыбакина Страсбург WTA турнирінің ширек финалына шықты.


Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы, франциялық Ализе Корнемен шеберлік байқасты.


Қазақстандық теннисші 21-де болса, тәжірибелі қарсыласы 30-да еді. А.Корне биылғы US Open турнирінде сәтті өнер көрсетіп, төртінші айналымына дейін жеткен болатын.

 

Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын сақтай алды – 6:3.

Екінші сетте қазақстандық спортшы бірден брейкпен алға шықты – 1:0. Дегенмен есеп 5:4 болып, Елена матчқа доп бергенде, бірнеше мүмкіндігін пайдалана алмай, есесіне қарсыласы брейк жасап кетті – 5:5. Тай-брейкте алдымен А.Корне алға кеткенімен, қазақстандық спортшы ақыры кезекті матчболын құр жіберген жоқ – 7:6 (10:8).

Кездесу барысында корт иесін көрермендер де жігерлендіріп отырды. Соған қарамастан, Елена шеберлігі басым екенін мойындата білді.

Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 49 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 225,5 мың еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің740-ракеткасы, қытайлық Чжан Шуай немесе рейтингте 415-сатыдағы корт иесі Клара Бюрельдің біреуімен таласады.

Биыл Цинциннати додасында Ч.Шуайды тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ұтқан болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Страсбургте екінші айналымға шыққанын, оның соққысы алғашқы күннің қорытындысы бойынша үздік деп танылғанын жазған болатынбыз.

www.inform.kz

 

78 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда ең қымбат футболшы кім?
Келесі мақала Дзюдодан Токиодағы әлемдік кезең өтпейтін болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *