Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біле жүріңіз
  • 23 Қыркүйек, 2020

Еңлікгүлді көру үшін тауға шығатындар қатары артып отыр

 
Көз жауын алар кішкентай жақұт іспетті, сəулеленген күміс жұлдызша еңлікүлдер тек биік тауларда, адам аяғы жете қоймайтын шыңдарда өседі.
Дереккөздерге сүйенсек, Еуропа мен Азия тауларында ғана кездеседі. Бұл көкке жақын жерлерде ғана жайқалатын ғажап гүлді бақыт пен махаббат гүлі деп таулы өңір тұрғындары қасиет тұтады. Ерліктің, өрліктің символы да санайды.  Еңлікгүлдің пайда болуы туралы мұңлы аңыз бар. Мəңгі бірге боламыз деп серттескен қос ғашыққа  айрылысу бұйырылады. Тағдыр салған бұл сынаққа көнбеген екі жас мəңгі бірге болудың жалғыз жолы  бірге өлу деп ұғады.  Жанымыз да, тəніміз де мəңгі бір болсын деп қос ғашық қол ұстасқан күйі жартастан секіріп кетіпті.  Ғашықтар құлап, жандары мəңгі жай тапқан жартастың бетіне осы иісі ғажап, түсі  ақшыл еңлікгүл қаптап өскен екен.
Тау шыңында ғана өсетін еңлікгүлді көрген адам бақытты болады.  Ал жігіт  сүйген қызына  еңлікгүлін сыйласа, бұл жұптың махаббаттары берік болады деп саналады.
Біздің елімізде Алатаудың шыңында өсетін еңлікгүлді көру үшін жылда қаншама адам тау кезеді. Еңлікгүл маусым-тамыз айларында гүлдейді. Үзіп алынған гүл солмайды. Ал кептірілгендері əсемдігін ұзақ уақытқа дейін жоғалтпайды. Сирек кездесетін өсімдік ретінде еңлікгүл "Қызыл кітапқа" енгізіліп, қорғауға алынған.  Қазір гүлдеп болса да, тіпті еңлікгүлі өсетін жерлерге қар түссе де, тау шыңына көтерілгендер бақыт гүлін кездестіріп қалғысы кеп, айналаны жіті барлайды. 

106 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты
Келесі мақала Несие тарихын түзетуге бола ма?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Ерке

23 Қыркүйек, 2020

Қазір тау əдемі боп тұр. Тауға барсақ еңлікгүл таба аламыз ба? Əлде қурап кетті ма?