Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біле жүріңіз
  • 23 Қыркүйек, 2020

Несие тарихын түзетуге бола ма?

Несие тарихы - кредиттік бюрода сақталатын ақпарат.
Оны ешкім қолдан өзгертпейді.
Бір күн кешіккен қарыз болсын барлық мəлімет сақталады.
Бірақ  мерзімінен көп кешіктірілген не мүлдем төленбей сотқа кеткен адамдардың ғана  несие тарихы бүлінді деп есептеуге болады.
Осы несие тарихын кайта калпына келтіру үшін егер қарыз алушы қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру (рефинансирование) күніндегі қарыздың 50%-дан астамын төлесе және соңғы 12 күнтізбелік ай ішінде қайта құрылымдаудан немесе қайта қаржыландырудан кейін 30 күннен астам уақыт бойы несиесін  уақытылы  төлеп тұрса  несие тарихын қалпына келтіре алады.
Яғни, 1 жыл көлемінде  ұқыпты, тәртіпті клиент екенін дəлелдеген адамның несие тарихы қалпына келтіріледі.
Біздің ел халықаралық сарапшылардың зерттеуі бойынша ең тəуекелі жоғары ел, сондықтан да қаржы мекемелері несие берсе  кемінде екі есе өндіріп алады.
Негізі қаржы мекемелері өз  шығындарын жоғары пайызбен қайтарып отырады.
Соңғы уақытта банктер несиені оңды солды бере бермейтін болды. Талап күшейтілді. Тек  табыс көзі жеткілікті болған жағдайда ғана несие рəсімделеді.
Атаулы əлеуметтік көмек алатын, жұмыссыздар бұрынғыдай несие ала алмайды.
 
Назгүл Жолдасбайқызы
Заңгер

82 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Еңлікгүлді көру үшін тауға шығатындар қатары артып отыр
Келесі мақала Нобель сыйлығы үшін 1 миллион доллар табысталады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *