Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2020

Праймеризге қанша адам тіркелді?

"Nur Otan"-ның партияішілік сайлауында онлайн-дауыс беруге қатысу үшін "Праймериз" ақпараттық жүйесіне 700 мыңға жуық партия мүшесі тіркелді.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, "Nur Otan" праймеризіне 11 мыңға жуық үміткер қатысуда. Еліміз бойынша орта есеппен бір орынға төрт адам үміткер болып отыр. Кандидаттардың 70%-ы өзін-өзі ұсынғандар, ал мыңға жуығы – партияның жаңа мүшелері. 37%-ы – әйелдер, 29%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас.

7 қыркүйектен бастап праймеризге қатысушылар 800 мыңнан астам адамды тікелей қамти отырып, 32 мыңнан аса үгіт-насихат іс-шарасын өткізді. 14 қыркүйектен бастап онлайн-форматта жария пікірсайыстар басталады. Онда қатысушылар нақты елді мекендердің түйінді мәселелерін шешу жөніндегі өз пайымдарын ортаға салды.

"Nur Otan" праймеризінің басты мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Сондай-ақ, партия электрондық дауыс беруді ұйымдастыру үшін мобильді қосымша мен primaries.kz веб-порталының мүмкіндіктерін пайдалануды жоспарлап отыр. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін "бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес" қағидаты бойынша растау (верификация) жүйесі қолданылды.

Кандидаттардың рейтингісі бар праймериздің қорытындысы 5 қазанда жарияланады

115 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда бір күнде 155 науқас коронавирустан жазылды
Келесі мақала Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *