Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2020

Данэлия Төлешова America's Got Talent финалында өнер көрсетті

Данэлия Төлешова АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтіп жатқан America's Got Talent шоуының финалында өнер көрсетті. Финалда 14 жастағы қазақстандық жас дарын Sia атты әншінің «Alive» әнін шырқады.

«Бұл соншалықты оңай компазияция емес. Дайындыққа уақыт аз қалса да, біз осы әнді таңдадық. Мені қолдап, жылы сөзін аямаған жандардың бәріне алғысым шексіз, бұл мен үшін өте маңызды» дейді орындаушы.

Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенконың сөзіне сенсек, енді алдыңғы екі тур секілді мұнда да бір тәулік бойы көрермендер өзі ұнатқан орындаушысына дауыс береді, ал оның нәтижесі ертең жарияланады.

Жалпы, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер.

Еске салайық, Данэлия Төлешова шілде айының соңында американдық America’s Got шоу жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау қазір әлемдегі індеттің таралуына байланысты онлайн форматта өтті.

Кейін қазақстандық жас әнші америкалық «America's Got Talent» таланттар шоуының финалына өтті.


122 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Праймеризге қанша адам тіркелді?
Келесі мақала Биыл бидайдың бағасы қанша болады?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *