Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 23 Қыркүйек, 2020

Аймақтағы барлық жедел-жәрдем көлігі жаңартылады

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық автоөнеркәсіп кешенімен бірлесіп, еліміздің қалалық және өңірлік ауруханаларының санитарлық көлік паркін жаңартуды қамтамасыз етті.
Алғашқы жедел жәрдем көліктері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және Солтүстік Қазақстан облысына тапсырылды.
Бүгінде 18 отандық жедел жәрдем көлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне берілді.
Қыркүйек айының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлеріне отандық өндірістің 360 көлігі жеткізіледі.
Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің медициналық мекемелерінің санитарлық көлік паркін жаңарту бағдарламасы бойынша 1 167 санитарлық автокөлік жеткізу жоспарланған, олар ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі.
Санитарлық көлікті жаңарту бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «СемАз» ЖШС және «Hyundai Trans Auto» ЖШС отандық өндірушілері қатысуда.
Жаңа жеткізілімдер «Jac Sunrey», «Hyundai H350» және «ГАЗель NEXT» отандық автомобильдерінен тұрады.
Бүгінде Қазақстан зауыттарында 700-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр.
Қазақстанда ескірген санитарлық көлікті жаңарту жөніндегі бағдарлама денсаулық сақтау жүйесін маңызды қолдау болып табылады және отандық өндірісті дамытуға ықпал етеді.
Бағдарламаның жаһандық мақсаты - қазақстандықтардың денсаулығын сақтау, медицинаны, сондай-ақ машина жасау саласын дамыту, отандық автоөнеркәсіпті оқшаулау, жұмыс орындарын құру болып табылады.

 

 

522 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз