Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2020

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 31 миллионнан асты

Ал, індеттен көз жұмғандардың қатары 1 млн-ға жуықтады. Вирус ең көп тарап жатқан елдердің ішінде АҚШ, Үндістан мен Бразилия көш бастап тұр. Еуропа елдерінде де жағдай мәз емес. Індет дендеп бара жатқан Ұлыбританияда шектеу шаралары күшейтіліп жатыр. Енгізілген жаңа ережеге сай елдегі паб пен мейрамханалар кешкі сағат 22:00-де жабылатын болады. Тұрғындарға мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге кеңес берілді.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі: Санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Кей тұрғындар ауруды жеңіл өткергенмен, науқас өзге адамдарға қауіп төндіріп тұр. Жасы үлкен азаматтар мен созылмалы ауруы бар адамдарды үйде қамау да мүмкін емес. Індеттің таралуына жол берсек, егде жастағы жақындарымыздың да вирусқа шалдығуы айдан анық.

Ал, Испанияда жұма күннен бастап 30 мыңнан астам адамға COVID-19 диагнозы қойылған. Жергілікті билік аурудың екінші толқыны басталды деп дабыл қағуда. Қазір әсіресе, Мадридтегі эпидемиологиялық ахуал күрделі. Аймақ басшысы шаһар аудандары арасындағы қозғалысты шектеп тастады.

Фернандо Симон, Испанияның денсаулық сақтау саласының өкілі: Мадрид пен шалғай елді мекендерде жағдай қиындап барады. Сол себепті шұғыл карантин талаптарын қатаңдату керек. Алдағы уақытта елдің өзге де өңірлерінде шектеу шараларын енгізу мәселесі қарастырылады.

Франциядағы 7 провинцияның тұрғындары Италия аумағына коронавирусты анықтайтын тестінің теріс нәтиже болмаса, кіре алмайды. Бұған Францияның оңтүстігі мен Иль-де-Франс аумағында індеттің дендеуі себеп болды.

Ал, АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 200 мыңнан асты. Бұл – Джонс Хопкинс университетінің мәліметі. Қазір елдің 30 штатында науқастардың саны күрт артып барады.


98 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мolekula арт-терапия орталығын ашқан Айзада
Келесі мақала Жаңа әкім тағайындалды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *