Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2020

Алматыда кәсіпкерлер көбейді

Алматыда індеттің таралуына қарамастан кәсіпкерлер саны артты. Бұл туралы қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов мәлімдеді. Оның сөзінше, тамыз айындағы мәлімет бойынша шаһарда 201 мың бизнес өкілі бар.

Осылайша олардың қатары соңғы алты айда 2,5 пайызға, яғни, 6 мыңға өскен. Нариман Бақтыбайұлы әзірге мұндай құбылыстың неден болғаны белгісіз деп отыр. Десе де, бұған кәсіпкерлерге көрсетіліп отырған көмек әсер етуі мүмкін деп болжады.

Атап айтқанда, арнайы мамандардың көмегімен 4 млрд 3 млн теңгеге бизнес жоспар жасалған. Оның ішінде 801 млн теңгеге 64 жобасын екінші деңгейлі банктер мақұлдады. Сонымен қатар, «Бизнес Бастау» жобасы да Алматыда сәтті жүзеге асып жатыр.

99 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жаңа әкім тағайындалды
Келесі мақала Дзюдодан Токиодағы әлемдік кезең өтпейтін болды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *