Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қыркүйек, 2020

Әскерлерді дала жағдайында жергілікті жер туралы ақпаратпен кім қамтамасыз етеді?

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің топографиялық бөлімімен топогеодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін әскери бөлім жауынгерлік мақсаттағы ауданға аралас тәсілмен марш жасады.

Оқу-жаттығу барысында әскерлерді жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу шартты ауданының аэроғарыштық барлау материалдары бойынша жергілікті жер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуде тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мәселелері пысықталды.

Мамандар топогеодезиялық жұмыстарды орындау үшін қажетті есептеулер жүргізіп, тиісті арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға сәйкес әскерлерге тиісті қажетті картографиялық материалдарды дайындады.

Мұндай міндеттерді шешу үшін бөлім заманауи сандық арнайы техникамен жабдықталған. Ол жердің топографиялық барлауын оптикалық-электрондық жүйелермен және дәлдігі жоғары жаһандық навигациялық спутниктік аспаптармен жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығулардың арқасында жеке құрам әскерлерді геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдар алгоритмін іс жүзінде пысықтады. Мамандар оқу-жаттығу ауданының өзекті цифрлық картматериалдар мен нысандардың егжей-тегжейлі фотосхемаларын, сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік реттерінің элементтерін топогеодезиялық байланыстыруды жасады.

Карта жергілікті жер туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Жауынгерлік іс-қимылдарды (операцияларды) ұйымдастыруға, қару-жарақ пен әскери техниканы тиімді басқаруға және қолдануға шешім қабылдау үшін жергілікті жерді зерделеу мақсатында барлық деңгейдегі командирлер қолданады.

Қарулы Күштерде топогеодезиялық қамтамасыз ету міндеттерін орындауды ұйымдастыру Бас штаб бастығының геоақпараттық қамтамасыз ету департаментіне жүктелген.

57 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Президент ақын Несіпбек Айтұлын 70 жасқа толуымен құттықтады
Келесі мақала Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *