Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 23 Қыркүйек, 2020

Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті

Бүгін Минискіде жақында Беларусь президенті болып қайта сайланған Александр Лукашенконың инаугурациясы өтті.

БЕЛТА агенттігінің хабарлауынша, Лукашенконың инаугурациясына бірнеше жүз адам шақырылған. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар, депутаттар, республика кеңесінің мүшелері, мемлекеттік орган басшылары, жергілікті атқару орган өкілдері, ақпарат құралдары, ғылым, мәдениет, спорт қайраткерлері бар.

Беларусь тілінде ант берген Лукашенкоға орталық сайлау комиссиясының төрайымы Лидия Ермошина оған Беларусь республикасының президенті төлқұжатын тапсырған.

Еске сала кетейік, Беларусь елінде президент сайлауы 9 тамызда өтті. Елде содан бері наразылық шаралары жалғасып келеді. 

18 қыркүйекте Еуропа парламенті 9 тамыз күні Беларусьте өткен президент сайлауының нәтижесін мойындамайтын резолюцияның заң жобасын қабылдады.

АҚШ мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Стивен Биган да Александр Лукашенко президенттік сайлауда заңсыз жеңіске жеткенін айтып, жаңа сайлау өткізуді талап етті.

155 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нобель сыйлығы онлайн форматта табысталады
Келесі мақала Димаштың даусын Джеки Чанның жаңа фильмінен тыңдай аласыз

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *