Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Қыркүйек, 2020

Мақсатқа жеткізетін мотивация ма, тəртіп пе?

 
Мотивация - адамды эмоционалдық тұрғыда желпіндіреді. Адам баласы осы күйді жақсы көреді. Себебі,  бұл табысқа жетудің оңай жолы сияқты көрінеді. Жалпы адам баласы оңайды жақсы көреді.
 
Бірақ арман-мақсатына қол жеткізу үшін адамға ең бірінші керегі - тəртіп пен өзіңді бақылау!
"Тәртіпке бағынған құл болмайды!" деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы бекер айтпаған.
Тәртіппен жүріп-тұру әрине, қиын. Бірақ нәтижесі бар. Діттеген мақсатыңа  жеткізетін - тәртіп. Өзіңе өзің жасап берген тәртіп пен өзіңнен өзің есеп алып отыратын өз-өзіңді бақылау - табысқа жеткізетін бірден бір жол.
Ең қарапайым мысалдар - спортпен айналысам, жүгірем, тіл үйренем, арықтаймын деп мақсат қойып, нәтижесіне жете алмай жүрген қанша адам бар.
Табысқа жету үшін алдымен мақсатыңды айқында, содан соң жоспар құр. 
Жоспарыңның орындалуын қадағалау - тәртіп пен еңбек!
Тәртіп бұл - көздеген мақсатыңа қол жеткізу үшін, жасауға ерінетін  жұмысты жасаймын деп шешім қабылдау.
Тіл үйренем десең, күніне кемі 2 сағат уақытыңды арна.  Жоспарыңа қарап, күнде кешке "тіл үйрену" деген тұсқа "орындалды" деп белгі соққандағы эмоцияң - ең үлкен мотивация. Тәртіп пен мотивация осылай қатар жүруі керек.
Жəй армандап,  кітап дүкендеріндегі қаптаған мотивациялық  кітаптарды оқып шығып, неге табысқа жетпедім деп ойлау - біздің ең үлкен өкінішіміз болмақ.
 
 
 

93 рет

көрсетілді

0

пікір
Келесі мақала Тайм-менеджмент формуласы бар ма?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *