Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Қыркүйек, 2020

Тайм-менеджмент формуласы бар ма?

 
 
Бір күні ешнәрсе ойламай, пайдалы іс істемей, әлеуметтік желіге байланып отырсаңыз не болар еді?!
Жұмыстарыңыз  ертеңге тау болып үйіліп қалады.
Көңіл-күйіңіз түсіп, өзіңізге ренжисіз.
Ойыңыз шашырап, бар жұмысыңыз шала істеледі.
Зерттеулерге сүйенсек, уақытты тиімді пайдаланбау ең біріншіден,  денсаулыққа зиян.
Ал уақытты басқара білу - жетістіктің кілті.  Бұл тайм-менеджмент тақырыбында  кітап та көп, кестелер мен күнделіктер де жеткілікті. Бірақ осы толып жатқан кестелерді басшылыққа алып, ізінде жүргендер аз. Неге? Себебі, тайм-менеджменттің қатып қалған формуласы жоқ. Əркім өзіне ыңғайлы жоспар құрып алса, сол тиімді.  Ол үшін не істеу керек?
-Арнайы қойындəптер арнап, уақытыңызды өзіңізге тиімді етіп жоспарлап алыңыз.
- Үйдегі, түздегі   шаруаларды  бəрін бір күнге тіреп қоймай, бөліп-бөліп орындауды əдетке айналдырыңыз.
- Рухани дамуға арнайы уақыт бөліңіз.
- Жоспардан тыс жасалатын шаруа шығып қалуы мүмкіндігін ескеріп,  1 сағатты сол шаруаларға бөліңіз.
- Міндетті түрде 8 сағат ұйықтаңыз. Ерте жатып,  ерте тұрыңыз.
Мұндай жоспарды әркім өз ыңғайына, мүмкіндігіне қарап отырып,  қағазға түсіреді.
Мысалы, таңертең 6-да ұйқыдан тұрып, таңғы жаттығу, медитация жасаудан басталатын 24 сағаттың 16 сағатын өз қалауыңызша ең маңызды істерден бастап "бүгін орындаймын" деп жоспарлайсыз.
Кешке 22.00-де әрі кетсе 22.30-да ұйқыға жату өте маңызды. Осылайша күнделікті жоспар жасап отырсаңыз, уақытыңызды пайдалы өткізгеніңіз былай тұрсын, көңіліңіз көтеріліп, ерекше шабытпен жоспардан тыс біраз шаруа тындырасыз.
Алайда сөзбен бәрі жақсы. Іске келгенде орындау оңай емес.  Бірақ жоспарлауды дағдыға айналдырсақ, күрделі ештеңесі жоқ. Уақытылы қанша жұмысымыз бітеді  әрі өміріміз жақсарады.
Тайм-менеджмент деп жүргеніміз осы - уақытымызға өзіміз қожа болу.
 

131 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мақсатқа жеткізетін мотивация ма, тəртіп пе?
Келесі мақала Бай болғыңыз келсе...

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *