Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Қыркүйек, 2020

Бай болғыңыз келсе...

 
Көпшілігіміздің жүрегіміздің түкпірінде бір арман жатыр. Миымызда жоба жүр. Соны іске асыратын уақыт келді.
Бизнес тренерлер "бай болу үшін ең алдымен сананы өзгерту қажет",-дейді.
Бай болатын адамдар - жұрт көрмейтін мүмкіндікті көріп, іске асыра алатын іскер адамдар.
Бүгінде әлем танитын жапондық "Honda" компаниясының негізін салған Хонда мырзаның өз кәсібін ашуына оның бойындағы сондай жұрт көре алмайтын  құбылыстарды көре алатын қасиеті себеп болыпты. Бұл соғыстан кейінгі ауыр жылдар болса керек. Бір күні мекемеде инженер болып қызмет ететін Хонда жұмысына бара жатып, велосипедін сындырып алады. Өзі тұратын аумақтан бір де бір велосипед жөндейтін шеберхана таппаған ол велосипедін орталықтағы шеберханаға апаруына тура келеді. Бұл оның көп уақытын алады. Сол сәт болашақ миллиардердің басына керемет ой келе қалады. Содан ол өзі тұратын аумақтан велосипед жөндейтін шеберхана ашады.
Бәсекелес болатын ешкім жоқтықтан оның жұмысы алғашқы күннен-ақ жүріп кетеді. Клиенттер күн ұзақ кезекке тұрады. Өзі үлгірмейтін болған соң Хонда көмекші жалдап алады. Қаланың басқа аумақтарынан да қосымша шеберханалар ашады. Шеберханадан басталған оның бизнесі уақыт өткен сайын өсіп, өркендеп кейін велосипед құрастыратын цехқа, онан әрі мотоцикл, содан кейін автокөлік шығаратын іргелі кәсіпорынға айналады.
Енді өзіңіз сараптай беріңіз. Жұрт сияқты қаптаған  тойхана  немесе жалға беретін ғимарат салу соншалықты пайдалы кәсіп емес екеніне кешегі карантинде-ақ көзіміз жетті. Бізге керегі Хонда мырза сияқты елге де пайдасы тиетін, өзінің де табысын еселейтін бизнес.
Сіз қандай кәсіп ашсам деп армандап жүрсіз?

220 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Тайм-менеджмент формуласы бар ма?
Келесі мақала Жаяу жүрудің де өз əдісі бар

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *