Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Қыркүйек, 2020

Жаяу жүрудің де өз əдісі бар

 
Мамандар жаяу жүрудің пайдасы көп, зияны мүлдем жоқ дейді.
Күз айларында адамдарда депрессиялық көңіл күй байқалады. Ал жаяу жүру көңіл-күйді көтеріп,  бақыт гормонының түзілуіне əсер етеді.
Сондай-ақ, жаяу жүру аяққа ғана емес, миға да таптырмас жаттығу. Ми жұмысын жақсарту туралы зерттеу  еңбектердің барлығында қимыл-қозғалыс адамның есте  ақтау қабілетін арттырады делінеді.
Жаяу жүру салмақты бірқалыпты ұстауға, буын ауруларының алдын алуға көмектеседі.
‍Қандағы қант мөлшерін реттейді.
Жүрек аурулары мен қатерлі ісіктің кей түрінің алдын алады. Америкалық онколог дәрігерлер күніне 1 сағат жаяу жүрген әйелдердің  сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күресуге қауқары бар деп тұжырымдайды.
Жаяу жүрудің жөні осы екен деп бей-берекет жылдам не жәй жүрмеу керек.  2 минут жылдам, 2 минут жәй жүріп, жылдамдықты өзгертіп отырған дұрыс.
Ең пайдалы тұсы - ешқандай қаражат талап етпейді. Тегін шынығу жəне бір сəт өз-өзіңізбен оңаша қалып, ойлануға керемет мүмкіндік.
Сіздер жаяу жүріп, шынығуға қалай қарайсыздар?

117 рет

көрсетілді

1

пікір
Алдыңғы мақала Бай болғыңыз келсе...
Келесі мақала Креативті ойлау

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Серік

24 Қыркүйек, 2020

Жаяу жүруге көпшілігіміздің уақытымыз жоқ. Бірақ пайдасы үшін жаяу жүру керек екен