Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 24 Қыркүйек, 2020

Креативті ойлау

Италияның кішкентай бір қаласында жүздеген жылдар бұрын ортаңқол кəсібін дөңгелетіп отырған шағын кəсіп иесі өсімқорға көп мөлшерде қарыз болып қалыпты. Өзі кəрі, ұсқынсыз өсімқор кəсіпкердің қызын көріп, жас қызға үйленуге көңілі кетеді.  Ол кəсіпкердің кіріптар сəтін оңтайлы пайдаланбақ боп,  егер қызыңа үйленсем,  қарызыңды түгел  кешірем деп ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысқа  қыз зəлім өсімқордың шырмауына түсіп қалған əкесін аяғаннан амалсыздан келіседі. Өсімқор қызға былай дейді:"Мына дорбаға ақ жəне қара түсті екі тасты салам. Егер қолыңа қара тас іліксе, қарыз жойылады, мен саған үйленем. Ал егер ақ тас шықса, қарыз да жойылады, сен де азатсың",- дейді.
Өсімқор кəсіпкердің ауласынан еңкейіп екі тас алады. Сол кезде қыз екеуінің де қара екенін байқап қалады. Өсімқор білдіртпей тастарды дорбаға сала қойып, қызға бір тасты алуын өтінеді. Осы сəтте қыздың алдында үш таңдау тұрған еді. Дорбадан тас алудан бас тарту немесе өсімқордың арамдық жасағанын əшкерелеу болмаса əкесінің берешегін өсімқор кешіруі үшін өзін құрбан ету.
Қыз көп ойланбай дорбадан біреуін алып жатып, түсіріп алған болып тасты жердегі тастардың арасына тастай салады.
"Ой, мен неткен ебедейсіз едім. Қолыма қандай тас іліккенін де көрмей қалдым. Өтінем дорбада қандай тас қалды екен көріп беріңізші. Сол арқылы жерге қандай тасты түсіріп алғанымды білейік" дейді. Өсімқор дорбадан қара тасты алып шығып, уəдесі бойынша қыздың да басына бостандық беріп, əкесінің қарызын да кешіріп, жөніне кетіпті.
Тəмсілдің тағлымы:
Қашанда тығырыққа тірелгенде, өзің дұрыс деп санаған шешімге байланып қалмай, қиын жағдайдан өзгеше ойлау арқылы жол табуға болатынын естен шығарма. Креативті ойлай білетін адам, мəселені мүмкіндікке айналдыра алады. 
 
Ағылшын тілінен аударған: А.Əкімбайқызы

210 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Жаяу жүрудің де өз əдісі бар
Келесі мақала Апалар тауда не істеп жүр?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *