Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 24 Қыркүйек, 2020

Таразда аяқ астынан бөртегүл гүлдеді

Таразда күзгі жаймашуақ ауа райының әсерінен бөртегүл гүлдеді.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарына күзгі салқын әлі келе қойған жоқ, күн әлі жылы. Қазіргі уақытта ауа райы +24 +26 градусқа дейін жылынып, желсіз тымық күндер салтанат құрған. Соңғы күндері Тараз тұрғындары әлеуметтік желілерге қайтадан гүлдеп жатқан сирень, яғни бөртегүлдің суретін жарыса салып жатыр. Күз кезеңі үшін мұндай ерекше құбылыс қарапайым тұрғындарды ғана емес, биологтар мен экологтарды да таңғалдырып отыр.

Биолог маман Амалбек Тұрсыновтың айтуынша, көпжылдық өсімдіктің бір жылда екі мәрте гүлдеуі - аномальды жағдай. Бұл ерекше жылы ауа райына байланысты болуы мүмкін. «Жаймашуақ жылы күн өсімдіктердің алдағы көктемге деп берілген ресурсын осы кезде пайдалануына әкеп соғуы мүмкін. Яғни, өсімдіктер келешекке арналған потенциалын қазір пайдалануға мәжбүр болады. Мұны биологиялық сағаттардың ауа райының әсерінен ауысып кетуі деп санауға болады. Мысалы, жеміс ағашы өзінің болашаққа сақталған әл-ауқатын осылай күзде қолданатын болса, онда ол көктемде жемісті аз салуы мүмкін. Демек, бұл - жалпы алғанда жағымсыз құбылыс. Барлық нәрсе табиғаттың заңы бойынша өз уақытында болғаны жөн», - дейді маман.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалы да бұл құбылыстың ауа райы мен Жамбыл облысы аумағының климаттық саналуандығына байланысты екенін түсіндірді. Таяудағы жеті күнде Жамбыл өңірінде +21 +17 градусқа дейін жылы болады. Күзгі суық қазан айының басында ғана келуі мүмкін.

 

Қазақпарат

 

1060 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз