Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қыркүйек, 2020

Нобель сыйлығы үшін 1 миллион доллар табысталады

2020 жылы Нобель сыйлығының иелеріне 10 миллион швед кроны, яғни шамамен 1 млн долларға жуық қаржы табысталады. Бұл туралы Нобель қоры хабарлады.   «Жетістіктері арқылы бізді шабыттандырып, болашағымызға үміт сыйлатын лауреаттардың еңбегін бағалау әсіресе биыл аса маңызды. Нобель сыйлығын табыстау рәсімі қарсаңында сыйақы көлемі 1 млн кронға (шамамен 100 мың доллар) артады», – деп мәлімдеді Нобель қорының басшысы Ларс Хейкенстен. Қор мәлімдемесінде 2012 жылдан бері қор капиталы 3-тен 4,6 млрд кронға (300-ден 460 миллион доллар) көбеюіне байланысты кіріс те артты. Ал жыл сайын сыйлық иелеріне берілетін сыйақы көлемі осы қаржыдан алынады. 2017 жылдан бері сыйақы мөлшері 9 млн крон болып келген. Нобель сыйлығы лауреаттарының есімдері 5 қазан күні белгілі болады. Ал оларды марапаттау рәсімі әдеттегідей Альфред Нобельдің өмірден өткен күні, 10 желтоқсанда өтеді.


105 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстанда "Үздік педагог" республикалық конкурсы басталды
Келесі мақала Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары тағайындалды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *