Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Қыркүйек, 2020

Сенатор балаларға қарсы жасалған қылмысты жасырғандарды жазалауды талап етті

Сенатор Дана Нұржігіт Сенаттың жалпы отырысында  Бас прокурорына депутаттық сауал жолдады.

«Халықаралық тәжірибиені саралап, қылмыстық заңнама қолданысын талдап, балаларға қарсы жыныстық сипатта жасалған қылмыстың барлық түрілеріне қатысты жазаны қайта қарап, қатаңдату бойынша ұсыныстар әзірлеуді сұраймыз», – деді сенатор өз сауалында.

Сондай-ақ, депутат Мемлекет басшысының осы мәселе бойынша берген тапсырмасының орындалу барысы туралы ақпарат беруді сұрап, бұл саладағы халықаралық конвенцияларға қосылу және имплементациялау бойынша заңнамалық ұсыныстар енгізу қажеттігін атап өтті.

Депутат келтірген статистика бойынша, Қазақстанда соңғы 4 жылда осындай қылмыстар үшін 1868 адам кінәлі деп танылған. Олардың 539-ы ғана 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Биылдың өзінде ғана кәмелетке толмаған балаларға қарсы жасалған қылмыс 8 пайызға өскен.

«Мұны тоқтату үшін қатаң жаза қылмысты жасаған адамға ғана емес, сол қылмысқа жол берген, фактілерді жасырған, қылмыскердің жалтаруына мүмкіндік берген азаматтарға да қолданылуы керек деп ойлаймыз», – дейді Сенат депутаты.

Сондай-ақ, Д.Нұржігіт Қазақстан Халықаралық деңгейде балаларды қорғайтын екі маңызды құжатқа әлі қол қоймағанына назар аударды. Олар: бірінші, Балалар құқықтары туралы конвенцияның үшінші факультативтік хаттамасы. Екінші, Еуропа Одағының балаларды сексуалды эксплуатациядан және сексуалды зорлық зомбылықтан қорғау конвенциясы. Бұл конвенцияға қосылған мемлекеттер баланы жезөкшелікке тарту, мәжбүрлеу немесе секс-тауар ретінде көріп, пайдалану, балалар порнографиясын өндіру, ұсыну, тарату, сатып алу, сақтау үшін қылмыстық жаза қарастыруға міндетті, - делінген Сенат депутатының сауалында.

45 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нариман Төреғалиев, сенатор:  Балаларды кибербуллингтен қорғау маңызды
Келесі мақала Вильнюсте Абай Құнанбайұлы атындағы оқу залы ашылды

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *