Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қыркүйек, 2020

  Әлем сарапшылары пандемия кезінде білім берудің жаңа тәсілін  ұсынды

 

Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9-шы халықаралық конференциясы” (ICBCB)  өз жұмысын бастады.

Конференция озық технологияның тез дамыған жаһандану үдерісінде әртүрлі мәдениеттердің өкілдерінің арасындағы үйлесімді қарым-қатынас және өзара құндылықтарына төзімділік пен құрмет көретуді дәріптейді. Іс-шара аясында  Гонконг, Қырғызстан, Пәкістан, Португалия, Сауд Арабиясы, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттерінен білім саласының белді сарапшылары   білім берудегі жаһандық трендер және құндылықтар бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, заман ағымының салдарынан туындаған өзекті мәселелерді ортаға салады. Негізгі мақсат - отандық және халықаралық ғалымдармен ғылыми және кәсіби байланыс орнатып, білім саласындағы жаңа сын-қатерлерге оңтайлы шешім табу. Онлайн конференцияның ашылуында дүние жүзілік ғалымдар қауымдастығының өкілдеріне СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев  қошемет көрсетіп, еңбектеріне жеміс тіледі.

- Конференцияның аясында  қашықтықтан білім беруге қатысты,  пандемия кезінде білім беру ерекшеліктері бойынша маңызды баяндамалар тыңдалады. Нәтижесінде қазіргі таңда туындап тұрған  сын қатерлі жаһандық мәселерге  оңтайлы шешімдер табылып, олар тәжірибе жүзінде қолданысқа алынуы мүмкін, -  деген болжам білдірді  СДУ академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры Давронжан Гаипов.

Жалпы конференцияның бағыты жаһандану дәуірінде жаһандық трендтер және білім берудегі құндылықтар тақырыбы болғандықтан, көбінесе осы саладағы кәсіи орта: ғалымдар, педагог мамандар, зерттеушілер және  білім саласындағы индустрия өкілдері де бар. Айта кетсек,  қазақстандық «Ұстаз» кәсіби шеберлікті жетілдіру орталығының жетекшісі, Халықаралық Гонконг педагогикалық Университетінен қашықтықтан білім беру немесе ақпараттық комуникация технологиялар саласының сарапшысы пленарлық баяндамашы ретінде қатысады.

Сарапшылар бірқатар өзекті мәселелерді қамтуда, оның ішінде: «Білім беру бағдарламалары және педагогика», «Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер», «Құндылыққа негізделген білім беру», «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Тілдік білім беру», «Білім берудегі көшбасшылық», математика, инженерия, өнер және Қазақстанда аталып жатқан «Әл-Фараби мен Абай мұралары әлемдік руханият кеңістігінде» бағыттары бойынша ойларын ортаға салады.

- Әуел баста конференцияны СДУ кампусында өткізу жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты іс-шара онлайн өткізілуге мәжбүр болды. Осыған байланысты коллоборация мен нетворк жеткілксіз болуы мүмкін, бірақ соған қарамастан, 9 мемлекеттің ғалымдары бір платформада өз ой-пікірлерімен бөлісу, талқылау арқылы бір-бірімен танысу және әр түрлі деңгейде ғылыми жобаларға қатысу, ұсыныстар секілді ортақ ынтымақтастықтар жасай алады, -  деген сенімде Давронжон Гаипов.

Конференцияның толық нұсқасы Сулейман Демирел университетінің ютуб арнасында тікелей эфирде келесі сілтеме арқылы шығарылады:  https://www.youtube.com/channel/UCAfCFHbt7ooyttq75uC0FuA .

2327 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз