Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қыркүйек, 2020

Анталияда Абай саябағы ашылды

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің бастамасымен қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының құрметіне саябақ пен ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Рәсім барысында Елші Абзал Сапарбекұлы саябақтың ашылуына қолдау көрсеткені үшін бауырлас Түркия мемлекетіне өз алғысын білдіріп, халықаралық деңгейдегі осындай іс-шаралар алдағы уақытта да екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Абайдың шығармашылығынан белгілі өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.

Ұлы ақын мұрасының бауырлас елде ерекше дәріптеліп жатқанына ризашылығын білдірген А.Сапарбекұлы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылы жарық көрген мақаласындағы «Қазір айтып жүрген интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясы Абайдан бастау алды деуге болады. Ұлы ойшыл әр сөзімен ұлттың өресін өсіруді көздеді», – деген сөздеріне назарға алды.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Анталия қаласы Мұратпаша ауданының Мэрі Үміт Үйсал, саябаққа Абай Құнанбайұлының есімін беру қазақ және түрік халықтарының рухани әрі мәдени жақындығын көрсететін маңызды іс-шара екенін атап өтті. «Абай есімі түркі әлемін бірлікте ұстайтын ұлы есімдердің бірі» екенін айта отырып, екі ел арасындағы бірлік пен ынтымақтастыққа өзіндік үлес қосатынын жеткізді.

Абай Құнанбайұлы саябағында ескерткіш тақтаның ашылуына Анталия қаласы Мұратпаша ауданының мэрі Үміт Уйсал, елдің саяси және қоғамдық қайраткерлері, Қазақстан және Еуразия халықтарының достық пен мәдениет қауымдастығы төрайымы және мүшелері, жергілікті қазақ диаспорасы, қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

399 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз