Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 25 Қыркүйек, 2020

Әскери барлаушылардың  оқу-жаттығуы басталды

Атырау облысында барлау бөлімшелерінің тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтуде. Оған 500-ге жуық әскери қызметші мен 80 бірлік жауынгерлік техника жұмылдырылды.

Тәжірибелік іс-қимылдар, гарнизондағы әскери бөлімдерінің бірін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруден басталды. Бөлімшелер тағайындалған ауданға марш жасап, барлау-іздестіру іс-қимылдарын жүргізуге кірісті.

 «Жауынгерлік жағдайға жақын жағдайларда барлау-іздестіру жасақтарын ауыстыру әуе тәсілімен, жоғары өтімді автомобиль техникасымен және жүзу құралдарын қолданумен жүзеге асырылды», – дейді бөлім командирі подполковник Есболат Нұрекешев.

Сценарий бойынша жеке құрам, шартты қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының қозғалу бағыттарындағы барлау-торуыл әрекеттерін көрсетеді. Әскери қызметшілер ұшқышсыз ұшу аппараттарын, сондай-ақ армия авиациясының Ми-8 тікұшақтарын қолдану арқылы міндеттерді орындауда.

Оқу-жаттығу аяқталғанға дейін әрбір әскери қызметші салмағы 20 келіге жуық киім-кешекпен 50 шақырымнан астам қашықтықты бағындыруы тиіс.  Оқу полигоны ауданында жоғары шаңдану және ауа температурасының төмендеуі міндеттерді орындауды біршама қиындатады.

Барлау бөлімшелерінің тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізіліп, оқытудың негізгі және неғұрлым тиімді нысаны болып табылатынын айтып өту қажет.   

890 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз