Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 25 Қыркүйек, 2020

Бақытсыз адам

 
Бір кісі ғұмыр бойы өмірге өкпелеп, кездескен адамға мұңын шағумен болыпты. Тіпті, оның зарын тыңдаған адам сол күйді жұқтырып алады екен. Бүкіл ауыл болып ол кісіге жоламауға тырыса бастайды.
"Мен бақытсызбын", "Менің жағдайым неге осындай" деп күңіренген жанды жұрт алыстан көрсе, сырт айналып кетіп жүреді.
Бір күні қабағы ғұмырында бір ашылып көрмеген бақытсыз ауыл тұрғыны жадырап, қуанып жүр деген хабар тарайды. Бүкіл ауыл болып мұның мәнісін білуге жиналады.
"Ау, қария, бұл не ғажап?" дейді таңырқаған ауыл тұрғындары.
"Мен 80 жыл өмірімді бақыттың соңынан қууға арнап едім. Бір күні бақытқа жете алмасымды біліп, қолымды бір-ақ сілтедім. Сол уақыттан бастап бақыт мені өзі іздеп тапты!" деп жауап беріпті қария күлімдей.
Тəмсіл тағлымы: Өміріңе көңілің толмай, өкпелеп, сəтсіздіктеріңе біреуді кінəлап, алда бір жақсылық боп қалар деп елеңдей бергеннен өміріңде ешқандай өзгеріс болмайды. Алдымен ойыңды өзгерт. Ойың өзгерген сəттен бастап, өмірің өзгереді. Өмір тым қысқа. Ғажап өмірді өкінішпен өткізіп алма.
 
Ағылшын тілінен аударған: А. Əкімбайқызы

1303 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз