Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 25 Қыркүйек, 2020

Жас ақындар айтысының қортындысы жарияланды

Алматы қаласы білім басқармасының ұйымдастыруымен №1 оқушылар үйінде "Айтыс сөздің майданы" атты қалалық жас ақындар айтысы өтті. Сөз қадірін ұғып, қиыннан қиыстыра білген оқушылар түрлі тақырыптардағы ойларын ортаға салып, сөз жарысына түсті.

Әр ауданның жеңімпазы болған дарынды оқушылар, жарыстың қалалық кезеңінде де білгендерінен жаңылмады. Өзара жұп құрып, сөз бәсекесіне түскен жас таланттардың әділ бағасын әділқазы алқасы сөз саптау мәнері мен ақындық қабілеттеріне қарай бағалады.

Жарыс қортындысы бойынша Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Серік Елдос Бас жүлде иегері атанды. №145 Жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушысы Батырхан Інжу 1 орын алды. №108 Жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Бексұлтан Дарын жүлделі 2 орынды иемденсе, үздік үштікті №43 мектептің 9 сынып оқушысы Баймұхан Мейрамбек түйіндеді.

Бексұлтан Нұрланұлы

711 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз