Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Қыркүйек, 2020

Сарыағаштық азамат әлеуметтік көмекке шеберхана ашты

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Бабамурад Халдаровқа атаулы әлеуметтік көмекті пайдаланып, ағаш шеберханасын ашты, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ол жылдың басында аталған бағдарлама бойынша көмек алу туралы жергілікті әкімшіліктің тиісті бөліміне өтініш қалдырған. Сосын көп ұзамай ақпан айында 203 460 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сол қаржыға ағаш өңдейтін құрал жабдықтар сатып алып, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды қолға алған.
Шебердің сөзінше, оюмен өрнектелген орындық, үстел, желбесік және сандыққа деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.
Шеберхана иесі алдағы уақытта қолынан іс келетін азаматтарды жұмысқа қабылдап, кәсібінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Сарыағаш ауданында үстіміздегі жылдың 8 айында 3612 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның 869-на әлеуметтік көмектің шартсыз түрі тағайындалса, 2349-на шартты түрі тағайындалған.
 
 

1086 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз