Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 26 Қыркүйек, 2020

Күш-қуатымыз қайда кетіп жатыр?

 
Атақты психолог Михаил Лабковский күш-қуатымыздың қайда кететінін және оны қайдан алуға болатынын жазыпты. 29 жағдаятты атап көрсетіпті.
 
Біз күшімізді мына жағдайда жоғалтамыз:
- “Жоқ” деп айтқымыз келсе де, “иә" деп жауап бергенде;
- жылағымыз кеп тұрса да күлсек;
- демалмасақ;
- өзімізге "Не мақсатпен шыдап жүрсің?” деген сұрақ қоюдың орнына “Сәл шыда” деп, үгітілгенше үгіттеп жүре берсек;
- адамнан одан өзімізге не керек екенін сұраудың орнына, оған ренжісек;
- өз ісімізбен айналыспағанда;
- өзімізге қызық емес адаммен араласуымызды тоқтатпағанда;
- жанымыздағы адамдардың негативті сөздері;
- саясат, КСК, бітпейтін кептеліс туралы айта берсек;
- өсек айтсақ;
- басқалардың қалай өмір сүріп жатқанын қоймай талқыласақ;
- жұмысымыз өзімізге қызық болмаса;
- қорықсақ;
- Аяз ата, ақбозатты ханзада келіп өмірімізді өзгертеді деген ғажайыпқа сеніп жүрсек;
- өзімізді жиі кінәласақ.
Күш-қуатты мына нәрселерден аламыз:
- жаңа таныс; 
- жаңа білім;
- саяхат;
- өз қорқынышымызды жеңсек;
- жаңа нәрсені жасап көрсек;
- қыдырсақ (еш мақсатсыз, жай ғана қыдыру);
- шығармашылықпен айналыссақ;
- жағымды адамдармен сөйлескенде;
- бізге сенетін, қолдайтын адамдармен пікірлескенде;
- өз тәнімізді күткенде (монша, бассейн, жаттығу, би, т. б.);
- физикалық кеңістік (мысалы, үй тазартқанда, жаңа үйге көшкенде, ремонт жасағаннан кейінгі өзіңіздің қандай сезімде болатыныңызды еске түсіріңіз);
- эмоционалды кеңістікті босатқанда (мәселен, ренжіген адамды кешіргендегі сезіміңіз);
- “Жоқ” деп айтқымыз келгенде, “жоқ”, “иә" дегіміз келсе, “иә" деп жауап  берсек;
- өзіміз ұнататын іспен айналысқанда.
 
Аударған:   Айнұр Бұлақбай
                      Блогер
 
 
 
 
 

1293 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз