Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Қыркүйек, 2020

Түркістанның турист тарту əлеуеті зор

 
Түркістандағы негізгі ғимараттардың құрылысы аяқталған соң 2 жарым миллион турист келетін болады. Қалада әлеуметтік инфрақұрылыммен бірге туристік жобалар қатар дамып жатыр. Тұтас түркі дүниесінің бойтұмары саналатын шаһарға келген саяхатшы біраз уақыт аялдап қалу үшін қолайлы жағдай жасалады. Шаhадың бір ерекшелігі құрылыстың өз мәнері бар әрі ол Қазақстанның бірде-бір қаласына ұқсамайды. Салынған ғимарат Қожа Ахмет Ясауи кесенінен биік болмауға тиіс. ЮНЕСКО-ның бұдан бөлек нысанның аумағына, архитектуралық кескініне қатысты бірнеше талабы бар. Бүкіл талап бұлжытпай орындалып жатыр. Қаладағы үлкен өзгерістің тағы бірі - мәдени-рухани орталықтың құрылысы. Кесені аумағы, нақтырақ айтсақ, 98 гектар жерде 30 нысан салынады. Сол отыздың алтауы биыл тапсырылады. Кесенеге қарама-қарсы бетте  қазір «Ұлы дала» орталығы, «Ясауи музейі», Туризм университеті, кітапхана, қонақ үйлер мен саябақтар бой көтеріп жатыр. Серуендеп жүрген саяхатшы  бұрынғыдай бір күнде келіп-кетпей, біраз уақыт аялдайтын болады. Сол үшін барлық жағдай жасалмақ.    
 Қазірдің өзінде Түркістанға жылына 1,5 млн турист келеді. Келешекте негізгі ғимараттардың құрылысы толық аяқталған соң, мұнда сапарлайтын саяхатшылардың саны 2,5 млн-нан асады деп жоспарланып отыр
                                                24.kz

604 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз