Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Infotainment
  • 27 Қыркүйек, 2020

«Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауында Қазақстанды кім таныстырады?

26 қыркүйек күні «Хабар» арнасының тікелей эфирінде «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтті. Байқауда Алматы облысы, Рысқұлов ауылынан келген Башанова Қарақат жеңіске жетті.

Жас әнші әкесіне арналған «Forever» әнін орындады. Композицияны өткен жылы Junior Eurovision-де өнер көрсеткен Ержан Максимнің «Арманыңнан қалма» әнінің авторы Хамит Шанғалиев шығарды. Қарақат көрермендердің және қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша жеңімпаз деп танылды. Енді Қарақат Қазақстанның атынан халықаралық гранд-финалда өнер көрсететін болады.

Үміткерлерді таңдаған қазылар алқасының құрамын «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, әнші-композитор Қайрат Баекенов, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері Ерлан Бекчурин, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының деканы, продюсері Бағым Мұхитденова және халықаралық музыкалық байқаулардың жеңімпаздары - Жанар Дұғалова, Әміре, Dinaya және Мәди Сыздықов толықтырды.

«Junior Eurovision-2020» Ұлттық іріктеуі 4 кезеңде өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 684 өтінім келіп түсті. Екінші кезеңде қазылар алқасы 30 қатысушыны таңдап алды, олардың арасынан онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша 12 финалистің есімдері белгілі болды.

«Junior Eurovision» байқауының финалы 29 қарашада онлайн форматта өтеді. Әлемнің 13 елінен 9-14 жас аралығындағы жас вокалистер бақ сынайтын болады. Қазақстан сайысқа үшінші рет қатысады. Еліміздің айтулы шараға қатысуы «Хабар» Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр. Биыл байқаудың өтуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі қолдау білдірді.

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз