Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Қыркүйек, 2020

Елордада карантин тәртібін бұзғандар полицияға жеткізілді

Түнгі тыныштық пен карантин тәртібін бұзған 65 адам түнгі клубтан полицияға жеткізілді. Ойын-сауық мекемесінде айыппұл салынды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Тәртіп сақшылары «Аура» түнгі клубынан түнде тыныштықты бұзып, кальян тұтынған 65 адамды полицияға жеткізді. Карантинді бұзғаны үшін ойын-сауық мекемесінің иелері айыппұл төлейді.

«26 қыркүйек күні сағат 01: 33-те «102» пультіне белгісіз адамдардан бірнеше рет телефон хабарламалары келіп түсті. Олар Нұр-Сұлтан қаласы, Тұран көшесі, 2 т.ж., «Аура» түнгі клубында жастар шу шығарып, тыныштықты бұзғанына шағымданды. Бұл фактіні тексеруге 10 учаскелік полиция инспекторы, 25 жедел әрекет ету жасағы, 8 «Ұшқын» экипажы - 16 инспектор, Есіл ауданының полиция басқармасының жедел тергеу тобы қатысты. Тексеру кезінде жедел тергеу тобы бұл заң бұзушылықты фото және видео жазба арқылы тіркеді. Түнде тыныштықты, сондай-ақ карантин режимін бұзғаны үшін 65 азамат полицияға жеткізілді», - деп хабарлады Есіл аудандық полиция басқармасы.

Тәртіп бұзушыларға қатысты 65 әкімшілік хаттама жасалды, оның 63-і түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны, екеуі кальян шеккені үшін. Сондай-ақ «Ұшқын» экипаждары мас күйінде көлік жүргізудің төрт фактісін және автокөлікті құжатсыз жүргізудің бір фактісін анықтады.

«Аура» түнгі клубының әкімшілігіне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін айып тағылды.

«Аура» түнгі клубына, ЖК «Алания» директоры Усманова Динара Ерболатқызына қатысты жиналған материалды заңды процедуралық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұған дейін түнгі клубтың иесіне карантин режимін бұзғаны үшін алты рет айыппұл салынған болатын.

421 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз