Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қыркүйек, 2020

СҚО-да кəсіпкер туған ауылына асфальт төсеу үшін 300 млн теңгеден астам қаржы бөлген

 
Туған жердің дамуына үлес қосуды ойлаған кәсіпкер өзі өсіп өнген ауылға 9 шақырымға асфальт төсеу үшін 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлген.  Сол тоғыз шақырымда қаншама тауқымет бар екенін жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Мәселе шешілсе, "Дайындықтың" даңқы арта түсер еді. Дайындық – шағын ғана ауыл. Екі-ақ көшесі бар. Бірақ өңірдегі болашағы зор елді мекендердің бірі. Мұндағы барлық әлеуметтік нысан шаруашылық есебінен салынды. Былтыр ауыл ішіндегі жолдар толықтай асфальтталды. Нәжитесінде онда қоныс аударушылардың саны артқан. Ауыл жолына қаржы бөліп отырған Шәймерденовтар отбасы мал және егін шаруашылығымен айнылысады. Тапқан табысының бір бөлігін ауылдың гүлденуіне жұмсап келеді. Ауыл тұрғындары егер жол жақсы болса, онда ауылға көшіп келушілердің саны артатынына сенімді. Осының арқасында жұмыс күші де тартылады. Ал келесі жылы шаруашылық есебінен мұнда 30 баспананың құрылысы басталмақ.

                                          24.kz

621 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз