Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қыркүйек, 2020

Шымкенттік өрт сөндірушілер мультфильм түсіріп жатыр

 
"Бебеу "деп аталатын туынды алғашында балаларға арналған суретті кітапша болып жарық көрген. Енді анимациялық бейнетуынды ретінде көрерменге жол тартады. Жоба авторы Еркебұлан Тасқараев төтенше жағдайлар саласында еңбек етсе де, өз жұмысын шығармашылықпен шыңдап келеді. Еркебұлан Тасқараев Төтенше жағдайлар қызметі саласында 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның бүлдіршіндерге арнап жазған әңгімесі әуелі комикс кітапша ретінде жарық көрді. Кейін тақырып ауқымы кеңейіп, өзекті жобаға айналды. «Бебеу» деп аталатын туындыны автор биыл мультфильм етіп шығаруды жоспарлапты. Еркебұланның бұл ұсынысын басшылығы да қолдаған. Жуырда ол анимациялық студиядағы мамандармен бірлесіп, туындының трейлерін шығарды. Жоба мақсаты – балаларға өрт сөндіруді үйрету.  Анимациялық туындыда өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі көрініс тапқан. Мысалы, «Бебеу» де әкесі сияқты өрт сөндіруші болғысы келіп, бір күні әкесінің жұмысына барады. Бірақ әкесі оның әлі жас екенін айтып, үйіне қайтарады. Қайтар жолда Бебеу түрлі оқиғаларға тап болған адамдарға көмектеседі. "Осы арқылы біз өрт сөндірушілердің қызметін көрсеткіміз келді",-дейді жоба авторы  Еркебұлан. Ол бұл жұмысын биылғы Азаматтық қорғаныс саласының 25 жылдығына арнамақ.

                                                               24.kz

1115 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз