Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қыркүйек, 2020

Өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулықтың жобасы әзірленді

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы әскери қызмет өткеру кезінде әскери қызметші қайтыс болған, оған мүгедектік орнатылған, мертіккен (жарақат немесе контузия алған) жағдайда біржолғы өтемақы төлемі көзделген.

Әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлем Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен бекітілген қағидаларының 25-тармағына сәйкес осы ақшалай қаражатты алу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, толықтыру тәртібін реттеу мақсатында Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда төленетін біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулығының жобасы әзірленді.

Ол әскери қызмет өткеру кезеңінде қаза тапқан әскери қызметшілердің мұрагерлерінің; әскери қызмет өткеру кезеңінде мүгедектік орнатылған әскери қызметшілердің; әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде әртүрлі жарақаттар, жарақаттар, контузиялар алған әскери қызметшілердің біржолғы өтемақы алуын көздейді.

Нұсқаулықта біржолғы өтемақы төлеуге құжаттарды дайындайтын жергілікті әскери басқару органдарының, сондай-ақ, осы әскери қызметшілер қызмет өткен әскери бөлімдер мен мекемелердің әрекет ету тәртібі көзделген.

 

398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз