Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қыркүйек, 2020

Офицерлік және әскери үшсайыстан чемпионат өтті

Алматыда әскери-қолданбалы спорт түрлерінен ҚР Қарулы Күштерінің XVII Спартакиадасы аясында АОСК базасында офицерлік және әскери үшсайыстан чемпионаттар өтуде.

Оған еліміздің Қарулы Күштерінің әскери түрлері мен тектерінен, өңірлік қолбасшылықтар мен жоғары әскери оқу орындарынан 14 команда бойынша 140-тан астам әскери қызметші қатысуда.

Жарыс бағдарламасына «офицерлік үш сайыс» (Макаров тапаншасынан ату, жүгіру және жүзу) және «әскери үш сайыс» (Калашников автоматынан ату, Ф-1 гранатасын лақтыру кедергілер жолағынан өту) кіреді. Әр сайыс белгілі бір шеберлік пен жақсы дене шынықтыруды қажет етеді. Жүзуде күш пен техника, жүгіруде – төзімділік пен жылдамдық, атуда-қолдың дәлдігі мен қаттылығы қажет.

2017 жылы         «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді. Оның негізінде нормативтік-спорттық біліктілікке сәйкес әскери қызметшілерге әскери – қолданбалы спорт түрлері бойынша «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы, төрешілерге – «Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт төрешісі», «жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі» беріледі, - деп түсіндірді ҚР ҚМ СК-АОСК төрағасының міндетін уақытша атқарушы, жарыстың бас төрешісі подполковник Еркебұлан Түсіпханов.

Офицерлік және әскери үшсайыс ТМД-ға қатысушы мемлекеттер армиялары спартакиадасының бағдарламасына және Дүниежүзілік әскери спорттық ойындарға (CISM) енгізілді. Сайыста қазақстандық әскери қызметшілер тұрақты түрде жүлделі орындарға ие болады.

 

748 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз