Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қыркүйек, 2020

Нәрестеден коронавирус анықталды

Үш айлық бөбек Ақтөбе қаласының тұрғыны. Кеше оның ата-анасы тұмауратып сырқаттанған бөбегін ауруханаға жеткізген. Сол жерде алған тест оң нәтиже көрсетеді. Бұған дейін жедел респираторлы аурудың белгілері пайда болған. Қауіпті дерттен сезіктенгендіктен де дәрігерлердің көмегіне жүгінуді дұрыс деп шешіпті. Нәтижесінде ПTР тестілеу короновирус ауруын жұқтырғандығын дәлелдеді. Қазір бұл отбасымен байланыста болған барлық жақындары оқшауланған. Дәрігерлердің бақылауына алынды. Ал, бөбектің қауіпті дертті қай жерде және кімнен жұқтырғандығы тексерілуде. Айта кету керек өткен тәулікте Ақтөбе облысы бойынша «COVID-19» дерті 2 адамнан анықталды. Жалпы наурыз айынан бері өңірде 3243 дерек тіркелді. Қазіргі таңда науқастардың 97,7 %-ы дертінен айыққан.


431 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз