Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 28 Қыркүйек, 2020

Бобыржан Момынов әлем чемпионы болуға ниетті

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) кезекті жеңісінен кейін алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кеше Қазан қаласында өткен бокс кешінде Eurasian Boxing Parliament Welter Title нұсқасы бойынша, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте Бобыржан Момынов ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) жеңген болатын.

Бокс кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен отандасымыз үшін кездесу оңайға соқпады. Алғашқы раундта нокдаунға түскен Момынов, чемпиондық раундтарда бәсеке тізгінін өз қолына ала білді. Бұл жеңіс Бобыржан Момыновтың өз салмағындағы боксшылар рейтінгінде 120-шы орыннан, 67-ші орынға көтерілуіне себепші болды.

Әйгілі Сауль Альвареске спарринг-қарсылас болып, мұхиттың арғы жағынан үлкен тәжірибе жинап оралған Ақсукенттің тумасы алдағы уақытта аймақтық және құрлықтық қана емес, негізгі әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасуды мақсат етіп отыр.

«Мені қолдап, сенім білдіргендеріңізге рақмет. Мен өте қуаныштымын. Қарсылас ым тәжірибелі, мықты спортшы. Бізді алда әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек күтіп тұр. Бұған сіздердің қолдауларыңыз арқылы қол жеткіземіз. Командама басымды иемін: спортта барлығы болады, бірақ олар маған қашанда қолдау көрсетті», - деді Бобыржан Момынов.

544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз