Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 28 Қыркүйек, 2020

Сәтбаев Университеті жаппай цифрландыру бағытына көшуде

2020 жылғы 25 қыркүйек күні Сәтбаев Университетінің Ректоры Искандер Бейсембетовтің ұжым және қоғам алдында жыл сайынғы есеп беру жиыны өтті, - деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

«Әдетте дағдарыс кезеңінде барлық күшті және әлсіз жақтар білініп, анығырақ байқалады», – деп атап өтті Искандер Қалыбекұлы. – Бұл жолы университеттің цифрландыру саясатының дұрыс екендігі толық айқындалды».

«Қазіргі уақытта PolytechOnline қашықтық платформасы елдегі ең үздіктердің бірі болып табылып отыр және 10 мың оқушының әрқайсысына 1 терабайт жеке бұлт кеңістігін, киберқорғаныс пен аккаунтта нақты мәліметтерді ұсынып отыр. PolytechOnline платформасында 1524 бейнекурстардың және 18 мыңнан астам бейнефайлдардың мәліметтер базасы бар, интерактивті интерфейсі және студенттер мен оқытушылар үшін толық циклді функция бар. Көптілді курстар студенттер үшін тәулік бойы жұмыс істейді және көру санын шектемейді», – деді өз сөзінде Ректор мырза.

Сәтбаев Университетінде сандық білім беру контентін жасау жұмысына мамандандырылған мультимедиалық зертхана жауап береді. Мамандар кеңейтілген өңдеу жұмыстарын жүзеге асырады: статистикалық және динамикалық модельдер, 2-өлшемді және 3-өлшемді графика, виртуалды шындық объектілері мен интерактивті модельдеуді, дыбыстық жазбалар мен басқа да сандық оқу материалдарын жасайды.

Ректор сондай-ақ Ғылыми кеңесте ғылыми жұмыстардың жалпы университеттік бағыты – «жасанды интеллект технологияларын өндірістерде, қызметтер мен қаланы басқару ісінде қолдану» қалыптастырылғаны жөнінде де атап өтті.

Бұл бағытты жүзеге асырудағы маңызды қадам – деректерді жинау құралдарын пайдалануды, сыртқы және ішкі жобалар үшін жасанды интеллектінің data mining мәліметтерін қолдануды және жасанды интеллектінің элементтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, нақтырақ айтқанда, процестерді басқару тиімділігін арттыру үшін сапалы шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін Деректер орталығын (Data Center) құру болды.

Machine learning (Машиналық оқыту) және Predictive modeling (Болжалды модельдеу) сияқты технологияларды енгізу мақсатты аудиторияның сұранысына байланысты оқыту бағдарламасының идеалды моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Data Center деректер орталығында студенттер Data Engineering, Data Analytics салалары мамандарының тәлімгерлігі бойынша өз біліктіліктерін жетілдіреді. Деректер орталығында жұмыс жасау оларды жан-жақты дамытады және болашақ кәсіби қызметке дайындайды, мәліметтерді өңдеу мен талдауға арналған озық құралдармен жұмыс істеуге ынталандырады.

434 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз