Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Қыркүйек, 2020

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында «Пандемия жағдайындағы кон-фессияаралық және өркениетаралық диалог» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті

Биылғы жылдың 24 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының бастамасымен «Пандемия жағдайындағы  конфессияаралық және өркениетаралық диалог» тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті.

Халықаралық онлайн-конференцияға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі – Марат Әзілханов, Ислам әлемі лигасының өкілі, Халықаралық көмек, қолдау және даму ұйымының Бас хатшысының кеңесшісі -  Абдул Азиз бен Ахмат Сархан, Халықаралық мәдени дипломатия институтының (БАӘ) басқарма төрағасы - Мұхаммед әл-Муайни; Қасиетті Престолдың дінаралық диалог жөніндегі Папа кеңесінің Исламмен байланыс бөлімінің меңгерушісі (Ватикан) - Халед Акаше; Ислам тарихы, өнері және мәдениеті ғылыми орталығының бас директоры (Түркия) - Халит Эрен; Исламабад халықаралық ислам университеті Исламды зерттеу институтының бас директоры (Пәкістан) - Мұхаммад Зия Уль-Хак; Image India институтының негізін қалаушы және президенті (Үндістан) - Робиндер Сачдев; Ғылыми зерттеулер және тәжірибе алмасу орталығының ғылыми қызметкері, Riyadh News газетінің шолушысы, (KSA, Эр-Рияд) - Али Аль-Хушайбан; Ислам ынтымақтастық ұйымының Еуропа одағы жанындағы миссиясының тұрақты бақылаушысы, елші (Бельгия) - Джахан Исмат; Кавказ мұсылмандары басқармасы бөлімінің меңгерушісі (Әзірбайжан) - Бабаев Гюндуз; Еуразиядағы BBC World News коммерциялық кеңсесінің жетекшісі (Ұлыбритания) - Сергей Становкин, сонымен қатар, басқа да халықаралық сарапшылар мен діни бірлестік өкілдері, ғылыми сарапшылар қауымдастығы өкілі қатысты.

Конференция барысында қатысушылар жалпы адами құндылықтарды нығайтуға, пандемия жағдайында бітімгершілік, толеранттылық, бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілетуге бағытталған конфессияаралық диалогты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы конференция алғысөзін әлемдегі әрбір адамның өмір салтына әсер еткен пандемия факторлары мен қоғам келбетінің өзгерістерінен бастады. «Бүгінгі күні пандемия салдарынан әлемде өлім-жітім  көбейгені өтірік емес, медициналық мекемелер мен әлеуметтік нысандардың жұмысы ұлғайды, халықаралық іс-шаралардың барлығы дерлік кейінге шегерілді. Алайда, қазіргі жағдайларға қарамастан, біз Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың белсенді қолдауымен, негізгі миссиямызды жалғастырудамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөйлеген сөзінде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудың ерекше маңызын атап өтті.  Сонымен қатар, 14 мамырдағы жалпыға бірдей дұға ету күні-  бәріміз үшін өте маңызды болды. Себебі, бұл пандемия дәуірін, гуманитарлық мәселелер мен экономикалық қауіпті біз тек бірлік, ұлтаралық татулық , жасампаздық қасиеттері арқылы ғана еңсеруге болатынына тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бүгінгі күні теңдік, өзара сыйластық және бір-бірінің мүдделерін сыйлау, ынтымақтастық, төзімділік пен түсіністік қағидаттарына негізделген қауіпсіздік пен дамудың жаңа парадигмасын дамыту бойынша кең диалог құру аса маңызды», - деді Алтай Абибуллаев.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов өз сөзінде діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам біртұтас болуы керек екенін, әлемді жаулаған дерт кезінде, қауіп-қатер мен қорқынышты тек бірлік, толеранттылық,  ауызбіршілік қасиеттер арқылы жеңуге болатынын алға тартты.

Ислам әлемі лигасының өкілі, Халықаралық көмек, қолдау және даму ұйымының Бас хатшысының кеңесшісі -  Абдул Азиз бен Ахмат Сархан өз сөзінде әлемдегі конфессияаралық диалогты одан әрі нығайтудың бірнеше маңызын атап өтті. «Пандемия жағдайындағы қиын кезең халықаралық келіссөз бен өркениетті диалогты нығайту және діндер арасында байланыс орнату үшін күш пен ынтымақтастықты қажет ететіні белгілі. Өйткені бұл діндер мен жоғары адами құндылықтарды мадақтап, қалыпты дискурсты қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі», - деді ол баяндамасында.

Сондай-ақ, өз кезегінде Халықаралық мәдени дипломатия институтының (БАӘ) басқарма төрағасы - Мұхаммед әл-Муайни «біз мәдени құндылығы кең ұғымда қалыптасқан Қазақстанға ұқсас елде тұрамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімі берілген Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының құрылуы - дінаралық келісімнің дәлелі», - деп ойын қорытындылады.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) Төрағасының орынбасары Наиб-имам Ершат Оңғаров онлайн-конференцияда сөйлеген сөзінде «бүгінде Ковид-19 вирусының салдары бүкіл әлем қауымдастығын алаңдатады. Осындай экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік шиеленістің қиын кезеңінде тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтау - маңызды міндеттердің бірі», - деді.

Қорытындылай келе, әлем қауымдастығы үшін осындай күрделі кезеңде конфессияаралық бірлікті сақтаудың маңызды бөлігі - діндер диалогын одан әрі тиімді дамыту, қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру болып табылады.

 Халықаралық сарапшылар әлемдегі толеранттылық, келісім, бітімгершілік, дінаралық келісім мен тұрақтылық идеяларын ілгерілетуде  Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының жоғары рөлін атап өтті.

664 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз