Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қыркүйек, 2020

"Қазақтың әр баласы  Әуезовті, Шерхан Мұртазаны және Оралхан Бөкейді міндетті түрде оқуы керек"

Бұл пікірді  өзінің фейсбук парақшасында Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

– Бүгін қазақ әдебиеті күні десек, артық бола қоймас. Өйткені 28 қыркүйек – әдебиетіміздің үш бірдей алыбы Мұхтар Әуезовтің, Шерхан Мұртазаның және Оралхан Бөкейдің туған күндері», - деп жазды Сенат спикері Facebook парақшасында. Оның атап өтуінше, қайталанбас туындыларымен ұлттың жоғын түгендеген және ұрпаққа өшпес өсиет қалдырған сөз зергерлерінің мұрасын дәріптеу – бізге міндет. «Осы ретте қазақтың әр баласы Әуезовті, Шерағаңды және «Алтайдың Кербұғысы» атанған Оралханды міндетті түрде оқу керек дер едім. Сол арқылы біз Абайды танимыз және сөздің құдіретін зерделеуге, ұлттық болмысымыздың сән-салтанатына зер салуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы, өркениеттің шыңына жетелейтін кітап оқу деген қағиданың қадір-қасиетін түсінеміз. Заңғар жазушыларымыздың жатқан жерлері жарық, топырақтары торқа болсын!, - деді Мәулен Әшімбаев өз жазбасында.

274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз