Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 28 Қыркүйек, 2020

Аутизммен ауыратын балаларға арналған қосымша жасады

Қазір әлем аутизмді ғасыр дерті санай бастады. Шығу себебі мен емдеу жолы әлі белгісіз бұл дертпен біздің елімізде де мыңдаған ата-ана мен бала күресіп жатыр. Ерекше балаларды қоғамға араластыру мақсатында біршама жоба да қолға алынған. Солардың бірі – «Auti-Trust» қосымшасы. Бұл қосымша аутизммен ауыратын балаларға көмектесуге, ата-аналардың қарым-қатынас алаңын құруға бағытталған. Қосымшаның авторы кім десеңіздер, 16 жасар Жания деген қыз. Жания Көрпебаева – Алматы қаласының тумасы, қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

«Аутизммен ауыратын немере ағаларым бар. Алғашында мен олардың қандай жағдайда екенін түсінбейтінмін. Кейін маған ағаларымның диагнозын айтқанда, ғаламтордан іздеп, оқи бастадым.  Ал сол уақытта Technovation  халықаралық конкурсы басталып жатқан еді, соның аясында қосымша жасау керек болды.  Мақсатым – қоғамға пайдалы, қажет жоба дайындау болатын. Сол кезде ойыма ағаларым келді. Неге аутизммен ауыратын жандарға Қазақстанда мобильді қосымшалар жоқ? Бұл мені ойға қалдырды. Осылайша «Auti-Trust» пайда болды»,  – дейді жоба авторы Жания Көрпебаева.

«Auti-Trust» қосымшасы трекер форматында жұмыс істейді, бұл балаларға арнайы суреттердің арқасында күнделікті режимді ұстануға көмектеседі. Ата-ана баласына ыңғайлы сабақ кестесін жасайды. Жобаның негізгі мақсаты – ерекше балалардың қоғамда  белсенділігін арттырып,  қалыптасып, қарым-қатынаста болуына атсалысу. Қосымшада премиум-шотты орнатуға арналған функция бар. Бұл аутизмге мамандандырылған дәрігерлер туралы ақпарат алуға көмектеседі. Сонымен қатар, жақын арада жоба аясында ерекше балаларға қажет мамандар мен дәрі-дәрмектерді табуға мүмкіндік беретін платформа әзірлеу жоспарда бар.  Жания монетизациядан түсетін барлық қаражатты қайырымдылық қорларына жіберуді жоспарлап отыр. Қосымшаны Android және іOS құрылғыларында жүктеуге болады.

Қосымшадан бөлек, Жания Инстаграм парақшасында да ерекше балаларға арналған жаттығулар туралы, олармен  қалай сөйлесу керек, қандай тағам жеу керек және тағы басқа тақырыптарда ақпараттар жазады. Қосымшаның негізгі ерекшелігі – 3 тілде болуы: қазақша, орысша және ағылшынша.

Болашақта Жания АҚШ-қа оқуға түсіп, environmental economics, яғни экологиялық экономика мамандығын меңгергісі келеді. Оқушы қыздың ерекше балаларға арнаған парақшасын Инстаграмға auti_trust деп жазу арқылы табуға болады. Елімізде Жания секілді дарынды жастар көп болғай!

Ақерке Қасымбекқызы,

«Ұланның» жас тілшісі.

«Ұлан» газеті, №39

227 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Мolekula арт-терапия орталығын ашқан Айзада
Келесі мақала Жанар Оспан: Баланың сабаққа ынтасын қалай арттыру керек?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *