Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қыркүйек, 2020

Алматы мен Ұлан-Батыр арасында жаңа әуе рейсі ашылды

Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның «Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр» бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз конференциясына қатысты. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жиында жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.

28 қыркүйекте «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы «Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр» бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұшудың нақты ұшу жиілігі белгіленеді.

 

 

267 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз