Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 28 Қыркүйек, 2020

Өміріңді өзгерткің келе ме?

 
Үнемі әр нәрсеге тереңінен қарап, философиялық ой түюге тырысатындарға үнемі терең ойлар ағылып кеп жатады.
Үнемі позитив ойлайтын адамдарға позитив ойлар ағылып келеді.
Ал барлық нәрсені қиындатып, негатив ойлайтындарды үнемі негатив ойлар төңіректеп жүреді.
“Əдетің өміріңе айналады"- деген осы.
Қазір қиындатпай өмір сүру дұрыс екенін  бәрі біледі. Позитив ойлаудың сәттілікке жеткізетінін талай тұлғалар дәлелдеп жүр.
Ал енді қалай позитив ойлауға болады? Ойды тек позитив ойлайтын етіп өзгерту мүмкін бе?
Мүмкін екен.
Ол үшін миды жаттықтырса болғаны.
Əуелі өз ойыңызды бақылап үйреніңіз. Ойыңызды тәрбиелеңіз.
Әр жағдайдың жақсы жағын табуға тырысыңыз.
Мысалы, жол кептелісінде тұрсаңыз, бұл уақытта сіз телефоныңыздағы бірер хатқа жауап беріп үлгеруіңіз мүмкін. Не автобуста кісі көп болып, қысылып тұрсаңыз, бәрібір сіз “Туу, мынау не масқара!” дей бергенмен ештеңе өзгермейді. Тек өзіңіз қиналасыз, ойыңыз шырмалады. Ал сол қысылып, әрең тұрған жерге тәніңізді қалдырып, ойыңызды басқа, сізді асықтыратын не қуанышқа бөлейтін сәттерге қарай алып кетсеңіз, өзіңізді құтқарасыз.
Ммкіндігінше әр сәтте жақсылық ойлауға тырысыңыз. “Дәл қазір менің миымда не тұр? Ол жақсы ой ойлап, менің өмірімді жеңілдетуге көмектесіп жатыр ма, әлде маған қиындық әкеп тұр ма?” деп, ойыңызға үңіліңіз.
Үнемі күлі алынып отырған пеш қана қып-қызыл болып лаулап жанады.
Үнемі тазартылып отырған ой мен энергия ғана сіздің өміріңізді жарқыратады.
 
 
Егер сіз күн сайын ауық-ауық өз ми-пешіңізді күлден, яғни негатив ойлардан тазалап отырсаңыз, ол әдетіңізге айнала бастайды.
Кез келген негатив ойға итермелеген  жағдайды теріс айналдырып, позитив ойлап, миды позитив ойлауға күштеп көндіруге тырысыңыз. Біраз күнде миыңыз автомат түрде позитив ойлар ғана “өндіре" бастайды.
Ойыңызды тәрбиелеп, тек позитив ойлар келетін каналды ашып қойыңыз.
Өміріңіз қалай өзгеріп кеткенін байқамай қаласыз.
 
 

1731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз