Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 28 Қыркүйек, 2020

Нетворкингті дамытудың 5 əдісі

Нетворкинг деген не?
Көпшілік нетворкинг десе желілік бизнеспен айналысатын адамдарға ғана керек қарым-қатынас деп ойлап жатады. Жалпы, нетворкинг барлық салаға қажет.
Бізді қоршаған адамдар бізге  түрлі бизнес-идеялар мен шабыт бере алады.  Бір кездесу,  тіпті  айтқан бір ауыз сөзден кейін мақсат қойып, соған жетудің жолында жұмыс істеу мүмкіндігі  пайда болады.  Ал мұндай кездесулер жиі əрі кездейсоқ болып жатады, алайда оларды саналы түрде жасау жолы — бұл нетворкинг деп аталады. Нетворкингті дамыту үшін мына кеңестерді есте сақтап алыңыз.
1.  Қолдау сұраудан қорықпаңыз.
Игі іске қолдау білдіруге, тегін көмектесуге дайын адамдар көп. Белгілі бір кезеңде өз біліміңіз бен тәжірибиеңізді ортаға салып, айналаңызға  пайдалы болуыңыз  маңызды. Сондықтан қолдау сұраудан қорықпаңыз.
2.  Байланысты алдын ала жоспарлаңыз.
Танысуды алдын ала жоспарлау жақсы. Мысалы, 3-5 жылға арналған мақсаттар картасын жасауға болады. Егер айталық, екі жылдан кейін кітап жазғыңыз келсе, қазір редакторлар арасында танысу шеңберін қалыптастыруды бастаңыз.
3.  Түрлі іс-шаралар,  конференцияларға қатысыңыз.
Іскерлік басқосулар мен конференцияларда әлеуетті клиенттер немесе серіктестерді  кездестіру мүмкіндігі жоғары. Олармен сөйлесіп, байланыс орнатыңыз. Қажетті адамдарға мақсатты түрде жақындап, тіл табысуыңызға болады. Сондай — ақ, алдын ала сұрақтар дайындап, оларды сөзге тартыңыз. Олармен сөйлесу үшін ортақ тақырып табуға тырысыңыз, мұндай таныстық адамның есіне сақталып қалуға көмектеседі.
4. Байланысты үзбеу
Болашақ жобалар бойынша ынтымақтасуды жоспарлап отырған және болашақта хабарласуы мүмкін адамдармен әрқашан байланыста болыңыз. Егер олардың мүдделерін білсеңіз-мақалалар мен зерттеулерді жіберіңіз, іс-шараларға шақырыңыз, жеке сұрақтарды шешуге көмектесіңіз. Туған күнімен құттықтауды да ұмытпаңыз.
5. Жеке брендті дамытыңыз.
Кәсіби топтарда пікір қалдырыңыз, өз қызығушылығыңызды айтып, әлеуметтік желілерде кеңес беріңіз. Осының бәрі сіздің ұстанымыңызды қалыптастыруға және мақсатты аудиторияны қалай тартуға болатынын түсінуге көмектеседі.
Осындай қарым-қатынас арқылы алдыңызда тұрған міндеттерді шешудің жаңа жолдарын табуға болады. Кез келген адаммен оңай қарым-қатынас орната білу мақсатқа жетудің бір жолы десек қателеспейміз. Мақсаты ұқсас, ойы ұқсас ортада сіз де өз пайдаңызды тигізе отырып, бірлесе дамысаңыз  жетістікке оңай жетеріңіз сөзсіз.  Нетворкинг деген осы.
Нетворкинг арқылы даму мүмкін бе, сіздің ойыңыз қалай?
Нұрдəулет Əбдіқайым
Блогер

4586 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз