Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қыркүйек, 2020

Қордай ауданы тұрғындарының 95 пайызы газбен қамтылады

 Ағымдағы жылы 150 мыңға жуық тұрғыны бар Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ілгерілетуге бюджет қаражатынан қосымша 31 миллиардтан астам теңге бөлініп, игерілуде. Былтыр Қордай ауданы тұрғындарының  30 пайызы ғана табиғи газ тұтынып келсе, биылғы газдандыру жобасы аяқталған кезде қордайлықтардың 95 пайызы «көгілдір отынға» қол жеткізетін болады, - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сенбі, 26 қыркүйек күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қордай ауданындағы жұмыс сапарын Отар ауылдық округі жанындағы автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысымен танысудан бастады. Бұл жобаның құны 1 миллиард 50  миллионнан теңгеден асады. Мердігер компания – «Таразстрой-2004» ЖШС. Биылғы 10 тамызда басталған құрылыс алдағы желтоқсан айының басында аяқталуы тиіс. Бұл стансаға көгілдір «Қазақстан – Қытай» жерасты газ құбырынан «көгілдір отын» алынып, Қордай ауданының 12 ауылын газдандыру көзделіп отыр. Қазір мұнда 10 маман,  20 жұмысшы тұрақты еңбек етуде. Жалақылары 90-95  мың теңгеден кем емес.

 Облыс басшысына мұндағы жұмыстар туралы  «Таразстрой-2004» ЖШС-ның басшысы Сембек Тұрдалиев баяндады. Облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев кестеге сәйкес Батыс мұнай жабдықтау компанияларымен келісім бар екенін, енді үш қондырғы және дайын блоктар келетінін атап өтті.

Қордайдың күншығыс жағы бойынша  (Отар аймағы) 12 ауылға газ тартуды, құбыр тартуды «Байсын-А» ЖШС жүзеге асырады. Жобаның жалпы құны 4 миллиард 37 миллион теңгеге жуық. Тамыздың алғашқы күндерінде басталған бұл құрылыстың да аяқталуы төрт ай мерзімге белгіленген. Жұмысқа 60 адам, 28 техника жұмылдырылыпты. 21 бригада тынымсыз жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір жұмыстың 25 пайызы бітіпті.

- Құбырларды ең қиын учаскелерден қазір өткізіп алыңдар. Ондай қиындық Сұлутөр, Көктөбе таулы аумағында екенін айтып отырсыңдар. Ертең қар жауса, онда жұмыс істеу мүмкін болмай қалады. Газ құбыры темір жол құрылысының астынан қалай өтуі тиіс? Мұны да назарда ұстаңыздар. Бірақ жұмыстың аяқталуы желтоқсан айынан кешікпеуі қажет», – деп ескертті облыс әкімі. 

Бұл жөнінде Қордай ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаевтың айтуынша, ағымдағы жылықұрылыс жұмыстарына қосымша 31 миллиард теңге бөлінді. Мұндай қомақты қаржы бұрын-соңды бөлінген.

- Ауданның 22 елді мекені газбен қамтылатын болады. Атап айтқанда бүгінгі күні 10 елді мекенге магистральдық газ құбыры тартылып, он елді мекенге ішкі құбырлар жүргізілуде. Ағымдағы жылы  100 мың адамды көгілдір отынмен қамту жоспарланып отыр. 6 елді мекенде таза ауызсу құбыры тартылып, 4 ауылда спорттық-сауықтыру кешендері салынып, Бұдан бөлек 4 көпқабатты тұрғын үй  (230 пәтерлі), ел игілігіне берілгелі отыр, - деп атап өтті Е.Орынбаев.

Мұнан соң өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Гвардейск әскери қалашығы маңайындағы аумақта салынып жатқан иммундық-биологиялық препараттар өндіретін биофармацевтикалық зауыттың құрылысымен  танысты.

365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз