Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қыркүйек, 2020

Таиланд коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты

Таиланд коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай режимін ұзартты.

Ол тағы бір айға, яғни 31 қазанға дейін созылады.

«Төтенше жағдай режимі осымен алтыншы рет ұзартылып отыр. Ол әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың әлі жақсармай тұрғандығына байланысты қабылданды. Әлемде 33 млн-нан астам адам ауруды жұқтырып, бір миллион адам қайтыс болды», - деді Коронавирустық инфекциямен күрес ұлттық орталығының баспасөз хатшысы Тхависин Висануйотхин.

Соңғы мәліметтер бойынша, Таиландта 3,5 мың адам коронавирус жұқтырған, 59 адам көз жұмды.

Дереккөз:24kz

461 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз