Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Қыркүйек, 2020

Шымкенттің қоғамдық көліктеріне электрондық төлемақы енгізіледі

Қазан айының 15-нен бастап Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде электрондық төлемақы жүйесі енгізіледі.

Қазан айының басынан  дүкендерде жолаушыларға арналған карталар сатылымға шығады. 

Қоғамдық көлік жолаушылары үшін "Tolem" картасының 4 түрі қарастырылған. Барлық жолаушыларға арналған стандартты карта болса, мектеп оқушылары мен студенттер жеңілдетілген электронды билетті пайдалана алады. Әлеуметтік статусы бар батыр аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлі мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға автобуста жүру тегін.

Жолаушылар көлік картасымен қатар жол ақыны смартфонды қолдана отырып SMS, QR-код арқылы төлей алады. Ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде тариф жоғары болады. 

Бір айта кетерлігі, «Тolem» атты электрондық жүйені  «QazSmartTrans» серіктестігі енгізуде. Бұл жобаға инвестор 1,2 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсаған.  

447 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз