Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қыркүйек, 2020

Нидерландта шектеу шаралары күшейтілді

Нидерландта індеттің таралуын тежеу мақсатында жаңа шектеулер енгізілді. Бұл шаралар үш аптаға созылады. Тәртіпке сай азаматтар мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс. Амстердам, Роттердам және Гаага қалаларында себепсіз үйден шығуға тыйым салынады. Адамдар дүкендерде бетперде тағып жүруі тиіс. Спорттық шараларды өткізуге шектеу қойылды. Мейрамхана мен дәмханалар барлық келушілерді тіркеп отыруы тиіс. Нидерландта індет таралғалы 115 мың адам вирусты жұқтырған. Дерттен 6 мың науқас көз жұмды.

Марк Рютте, Нидерланд премьер-министрі: – Вирусты жұқтырғандар саны күн сайын артып, елдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Індеттің таралуын тоқтату үшін елде жаңа шектеу шараларын енгізуге шешім қабылдадық, - деп мәлімдеді.


424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз