Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қыркүйек, 2020

«Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары»

 

«Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылғы 30 қыркүйек күні онлайн режімде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өткізеді.

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөнінде міндет қойған болатын. Президент осы Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ре­тіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қаты­нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есеп­теймін»,– деп атап көрсетті.

Жоғарыдағы екі бағыт аясында ұйымдастырылып отырған бұл семинар-кеңес Президенттің «Ана тілі» газетіне берген арнайы сұқбатынан туындайтын «Қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдау» туралы тапсырмасын жүзеге асыру мен қазақ тілін елдегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бағытындағы ұсыныстарды талқылау, шешу жолдарын айқындауды мақсат етеді.

Онлайн бас қосуға қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт  Түймебаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев құттықтайды.

Шараға Павлодар облыстық еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Сливинская, «Ватра»Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің  төрағасы Шавкат Исмаилов,   «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин қатысады.

41 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Әскери институтқа Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
Келесі мақала Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы қанша пайызға өсті?

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *