Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Пайдалы кеңестер
  • 29 Қыркүйек, 2020

Күз мезгілінде ағзаға аса қажет дəрумендер

 
Ағзаны маусымдық аурулардан қорғауда бета-каротин өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан ауыру деңгейі жоғарылайтын күз айларында құрамында бета-каротин бар тағамдарды тұтынған жөн. Бұл туралы диетолог дәрігер, аллерголог және иммунолог Марина Аплетаева айтты,-деп жазды iz.ru. «Күз мезгілінде қызғылт сары түсті тағамдарды тұтыну керек. Қызғылт сары түсті көкөністер мен жемістер: шабдалы, өрік, асқабақ, сәбіз, қауын. Бұл тағамдар бета-каротинге бай», - деді. Маманның айтуынша,
 А – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын вирустар мен бактериялардың енуінен қорғайтын негізгі дәрумен, бірақ ол таза күйінде тұтынылса, улы болуы мүмкін. Иммунолог бета-каротиннің қажет болған жағдайда А дәруменіне айналатынын атап өтті. Сонымен қатар күзгі кезеңде ағза үшін тағы бір маңызды элемент – С дәрумені. Оның арқасында жасушалық иммунитет жақсарады.

                                                     24.kz

557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз