Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қыркүйек, 2020

Қайырымдылық – қазақтың қанына сіңген қасиет

Адамның шын мағынасындағы білімді болуы үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.

Әлемді жайлаған індеттің ауыртпалығы қашықтан оқып жатқан студенттер мен оқушыларға да түсіп отырғаны белгілі. Жұмылған жұдырықтай, кез-келген қиыншылықты бірге еңсере білетін ел екеніміздің жарқын көрінісін қысылтаяң кезеңде кәсіпкерлер көрсете білді.

Бүгін Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде ерекше іс-шара болып өтті. Қайырымды жандар көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге қол ұшын берді. Білім беру саласының онлайн форматқа ауысуы – жаңа кезеңнің мәжбүрлі талабы болып тұрса да, білім қуған, ілімге ұмтылған кейбір жастар үшін бұл жаңашылдық ауыртпашылығын да ала келгені белгілі. Осы олқылықтардың орынын толтырып, біраз  студенттердің алаңсыз білім алуына жағдай жасап жүрген азаматтардың қатары артып келеді.

Жақсылыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, ізгілік пен достыққа жаны құмар жандар: «Алтын қадам» қоғамдық ұйымының мүшелері Аида Алдонгарова, Гүлмира Мұқажановна, Мөлдір Косымбаева, Гүлжан Кенжебеккызы және кәсіпкерлер Арман Еркебұланұлы, Бахыт Маратұлы секілді азаматтар білімге құштар 18 студентке ізгі тілектерін білдіріп, "онлайн білім алуда білімдерін тереңдетсін" деген ниетпен смартфондарды сыйға тартты.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта аталмыш шараны жалғастырып, өзге де білім алушыларға көмек қолын созуға дайын екендерін айтты.

Бексұлтан Нұрланұлы

804 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз