Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Қыркүйек, 2020

Қылмыскерлер құрықталды

11-20 қыркүйек аралығында полицияға белгілі бір адамдар тобы жанармай құю бекеттерінің қызметкерлеріне шабуыл жасап, кассадан қолма-қол ақшаны иемденгені туралы арыздар түсе бастады.

Мысалы, 11 қыркүйек күні сағат 01.15-те Павлодар қаласының маңындағы ЖМҚС бірінде үш қаскүнем жанармай құю бекетінде қызметкерлерді байлап, ұрып-соғып, кейін кассадан 174 мың теңге сомасындағы ақша алып кеткен. Басқа бекетке келіп, бетперде киіп, 34 жастағы жанармай құю бекетінің қызметкеріне газ баллонын шашып, кассадан 35 мың теңге алып кеткен. Сол сияқты қарақшылар шығыс Промзона көшесінде орналасқан жанармай бекетінде де дәл бұрынғыдай әрекет етті. Мұнда олар 400 мың теңгені заңсыз иемденді. Ұқсас эпизодтар басқа жанармай бекеттерінде де болды.

"Жедел тергеу әрекеттері барысында полиция қызметкерлері аталған тонауда күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар заңсыз жолмен ақша тапқан үш дос болып шықты. Күдіктілер өз кінәсін мойындады", – деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов. Қазіргі уақытта оларға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.


445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз